×

Ұлытау облысында 6 адам жоғалды

Жоғалған адамдардың біреуін іздестіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанына төртінші күн болды

 Динара Амантай 05.01.2023 | 16:24
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ұлытау облысында жоғалған 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жоғалған адамдардың біреуін іздестіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанына төртінші күн болған. 1964 жылы туған шопан Кіші Киік қыстауынан белгісіз бағытқа шыққан, оның орналасқан жері әлі белгісіз. Жоғалғаны туралы өтініш 2022 жылдың 31 желтоқсанында келіп түскен. Іздестіруге ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құрамында 14 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 3 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ 3 қаңтарда сағат 18:30-да Тоба қыстау иесінен 1978 жылы туған шопан мал іздеуге шығып, оралмағаны туралы мәлімет түсті. ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органның және Тоба қыстауы иесінің құрамында 8 адам және 2 техника күштері және құралдарымен іздестіру жүргізіліп жатыр.

Бұған қоса, 4 қаңтарда екі күн бұрын 1987, 1996 және 1993 жылы туған 3 адам Қарсақпай ауылынан Бірмаш қыстауына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпағаны туралы мәлімет келіп түсті. Іздестіруге ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары 7 адам және 3 техника жұмылдырылды.

Қазір жоғалған 5 адамды іздеу жалғасып жатыр. Ауа райы қолайлы болған сәтте белгіленген іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқару аваиациясын қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ кеше Қарағанды облысының Шет ауданында Қарғалы ауылынан 5 шақырым қашықтықта ТЖД күштерімен 1981 жылы туған азаматты іздестіру жүргізілді. Ол 31 желтоқсанда атпен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері әлі белгісіз.

ТЖМ ел тұрғындарына қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама