Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бас прокурор Берік Асылов «Дикий» Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиев белгілі журналист Михаил Козачковқа өзіне қатысты істің артында Ресей тұрғанын мәлімдеген.
«Бас прокуратура ісімнің артында Қазақстан ғана емес, Ресей де тұрғанын айтты. Мұның себебі әлі белгісіз. Әңгімеміздің соңы – тағылған айыппен келісетін болсам, іс сотқа дейін жетеді. Келіспеген жағдайда жаңа айып тағылуы мүмкін екен. Олар мені 20 жылға бас бостандығымнан айырумен қорқытты», - дейді ол.
Бас прокурор Берік Асылов бұл ақпаратты жоққа шығарып: «Бұл – өтірік. Бізде мұндай ақпарат жоқ», деді.
Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:
Бұған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлімдеді.