×

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 75 тұрғын эвакуацияланды

Өрттен зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 03.01.2023 | 13:49
эвакуцияланған тұрғындар, Алматы

3 қаңтар сағат 10:13 кезінде Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-ші көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабарланған. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасы жетіп, 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады.

Мамандар сағат 10:59-да өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды. Қазір өрт себебі анықталып жатыр.

Өрт шыққан көпқабатты үйден 75 тұрғын, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама