×

Бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 30.12.2022 | 09:27
Фото: who.int

Қазақстанда бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандар жоқ.

30 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 754 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде  247 пациент стационарда, 2 507 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, желтоқсанда қарашамен салыстырғанда сыртқаттану деңгейінің 2,3 есе өскені байқалады. Бұл ретте инфекция жұқтыру 2 169 жағдайдан 5 127 жағдайға дейін жетті

12 тамыздан бастап елдегі барлық өңір «жасыл» аймақта тұр.

Өңір «сары» аймаққа көшкен кезде адамдардың топтасып жиналмауына бағытталған шаралар қабылданады. Оның ішінде науқаспен жақын байланыста болғандарды, коронавирусқа қарсы вакцина салуға болмайтын адамдарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру бар. Білім беру орындарында іс-шаралар өткізу тоқтатылады.

«Қызыл» аймақта болса, жиналыстарды онлайн форматқа ауыстыру, қоғамдық көлік пен жабық нысандарда медициналық маска тағуды міндеттеу, жабық мекемеге баруға шектеу енгізу, Ashyq қосымшасын пайдалану сияқты шаралар қабылданады. Сондай-ақ қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру да қарастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама