Halyq Uni логотип
×

Батыс Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендер жаңа үйге қоныстанды

Үйдің құрылысына «Қазақстан халқына» қоры қаражат бөлген

 Халық үні 29.12.2022 | 10:39
Батыс Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендер жаңа үйге қоныстанды
Фото: Қазақстан халқына қоры

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындары жаңа үйлерге қоныстанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2022 жылдың сәуірінде Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Көктемгі су тасқынынан Шалғын және Жақсыбай ауылдарының тұрғындарының баспанасы бүлінді.

«Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдардың тұрғындарына 771,9 миллион теңге сомасына 30 үйдің құрылысын қаржыландыру бойынша қайырымдылық көмек көрсетті.

Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында 23 бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үй және Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында 7 (3 екі пәтерлі және 1 бір пәтерлі) тұрғын үй салынды.

«Қазақстан халқына» қорының хабарлауынша, тұрғындар жаңа үйлерге қоныстанды. Үйлерге жарық, газ, су мен жүргізілген.

Айта кетейік, 21 шілдеде қорға БҚО әкімінің орынбасарынан үй құрылысы үшін қаражат бөлуге жәрдемдесу туралы өтініш түскен.

Облыс әкімдігі қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін, 8 тамызда «Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесі үйлер құрылысы үшін қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Құрылыс барысын бақылауды облыс әкімдігі жүзеге асырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама