×

БҚО-ның екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су басқан Шалғын ауылында 12 үй жарамсыз жағдайда екен

 Халық үні 01.04.2022 | 15:44
фото: Halyq Uni

Көктемгі қар суының күрт еруіне байланысты Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев аймақтағы жағдайды бақылау және тұрғындарға алғашқы көмек ұйымдастыру мақсатында Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында және Шыңғырлау ауданындағы тасқын қаупі туған орындарда болды.

Облыс әкімі Шалғын ауылының тұрғындарымен кездесті. Су басқан 25 үйдің тұрғындары мәдениет үйіне көшірілсе, басқа да ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі күшейтілді.

Шалғын тұрғындары ауылдағы 12 үйдің жарамсыз жағдайда екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындардың кейбір округ орталығы Қоскөл ауылының балабақшасына көшіп жатқанын жеткізді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды: қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазір су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.

Мемлекет төтенше жағдайларға тап болған (су тасқыны) азаматтарға қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін республикалық және жергілікті бюджеттен резервте қаражат қарастырылған. Жыл басында республикалық бюджеттен төтенше жағдайға 7 млрд теңге қарастырылған. Жыл аяғына дейін тіркелген төтенше жағдайларға байланысты аталған сома артады.

Нұрлыбек Рахман, Батыс Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама