×

Астанада тағы 13 мектеп салынады – Жеңіс Қасымбек

Биылғы оқу жылында 9 мектеп ашылады

 Халық үні 27.12.2022 | 19:15
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы оқу орындарының құрылыс алаңын аралады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылында тағы 9 мектеп қолданысқа беріледі.

«Рысқұлов көшесіндегі, Қошқарбаев даңғылындағы, Ұлы дала даңғылы мен Сауран көшесінің қиылысындағы, Ұлы дала даңғылы мен №39 көшенің қиылысындағы және т.б. мектептер қолданысқа беріледі. Көктемде іргелес аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым», - деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сондай-ақ 2023-2024 жылғы оқу жылында тағы 13 мектеп салынады.

Қалада ірі мектептер салынып жатыр. Мұндай мектептің әрқайсысы 4 мың оқушы орнын (2 ауысымда) ашуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушы орындарына деген қажеттілік мәселесі едәуір шешіледі, - деді ол

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 100 мың оқушы орнына (2 ауысымда) арналған жаңа форматтағы 25 мектепті жобалау жұмысы жүргізіледі.

Жаңа форматтағы мектептердің құрылысы 2023 жылы басталады.

«Балабақша мәселесіне де көңіл бөлеміз: жақында Есіл ауданында (Күлтегін көшесі) мемлекеттік балабақша ашылды. Сол сияқты келер жылы жеке балабақшаларға 9 мың орынға арналған қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастыруды жоспарлап отырмыз, осы арқылы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көлемін арттырамыз», - деп жазды елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама