Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда заңды түрде жұмыс істейтін қанша ресейлік бар?

Тамара Дүйсенова Қазақстандағы еңбек мигранттары туралы айтты

 Дәурен Ерболат 27.12.2022 | 12:25
Қазақстанда заңды түрде жұмыс істейтін қанша ресейлік бар?
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда заңды түрде жұмыс істеп жүрген қанша ресейлік барын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде 22 мыңнан аса ресейлік міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Олар жергілікті атқарушы органдардан еңбек етуге рұқсат алған, - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің жалпы отырысынан соң.

Министрдің айтуынша, отандық және шетелдік компанияларда 14 мыңнан аса шетел азаматы еңбек етіп жүр.

«Оларға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілген, міндетті зейнетақы жарналарын да аударып жүр», - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, биыл 21 қыркүйекте Ресейде ішінара мобилизация жарияланған еді. Сол кезде Ішкі істер министрлігі Қазақстанға тек заңға бағынатын ресейліктер келіп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама