Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Динара Амантай

Қысқы демалыс оқушылар үшін 31 желтоқсанда басталады

Фото: Табылды Кадырбеков

Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда 9 күн демалады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқушыларымыздың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады, – деп жазды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-арнасындағы парақшасына.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтардың қаңтарда неше күн демалатынын хабарлаған болатынбыз.