×

Түркістандық әйел мектепте мұғалімді еденге шалып құлатты (ВИДЕО)

Балалар мен мұғалімдер оларды ажыратуға тырысқанмен, нәтиже шықпапты

 Еркеғали Болатұлы 25.12.2022 | 13:35
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім арасындағы жанжал тарап кетті. Бұл туралы жергілікті Otyrar.kz хабарлады.

Алдымен екі әйел мектептегі кабинеттің жанында сөзге келіп қалған. Содан кейін олардың біреуі екіншісін жағадан алып, қабырғаға итереді. Содан соң әйел мұғалімнің аяғынан шалып, еденге құлатқан.

Бұл жайтты балалар мен мұғалімдер түгел көрген. Олар әйелдерді ажыратуға тырысқанмен, одан еш нәтиже шықпапты.

Жағдай Түркістан облысы білім басқармасының бақылауында. Іс полицияға жіберілді. Бірақ бірнеше күннен кейін ата-ана мектепке ұжымнан және зардап шеккен мұғалімнен кешірім сұрап келді. Екі тарап өзара мәмілеге келді, - деп хабарланды Түркістан облысының білім басқармасынан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама