×

«Елорда кубогы – 2022»: жоба жеңімпаздары анықталды

Сайыс 2022 жылдың 5 қарашасында өтті

 Халық үні 05.11.2022 | 18:47
Фото: «Елорда кубогы – 2022» ұйымдастырушылары ұсынды

Астана Бейбітшілік және келісім сарайында «Елорда кубогы – 2022» ойыны өтті. Оған елорданың жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетіп, іс-шараны «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастырды.

«Елорда кубогы – 2022» республикалық арнайы жобасы – жыл сайын өтетін «Жайдарман» ойындарының арнайы жобаларының бірі.

Астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңға толы бұл жобада елордадағы, еліміздегі саяси ахуалды асқан тапқырлықпен көрермендер мен кештің арнайы қонақтарына жеткізеді.

Бұл сайыстарға еліміздің барлық аймағынан 15 команда қатысып, нәтижесінде араға 2 жыл үзіліс алып қайта оралған Семей қаласынан келген «Шатыр» құрамасының жігіттері бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Күміс жүлдені  шымкенттік «Абырой» құрамасы алса, 3-орын көрші Қырғызстан мемлекетінен келген «Торнадо» командасына бұйырды.

«Үздік ойыншы» номинациясы «Талант» құрамасының капитаны Мейрамбек Орынғалиевке бұйырды.

Ойынға тележурналист Динара Сәтжан, аткер Әбунасыр Серіков, актер Әділ Ахметов төрелік етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама