×

Келесі жылы заң шығару мерзімі 175-тен 95 күнге дейін қысқарады

1 қаңтардан бастап заңды Мәжіліс қабылдайды. Сенат оны бекітеді

 Дастан Жұмабекұлы 21.12.2022 | 09:49
фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды Мәжіліс қабылдайды, ал Сенат оны бекітеді. Сөйтіп, елімізде келесі жылы заң шығару процесінің мерзімі мен кезеңдері қысқарады. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

Премьер-министрдің айтуынша, «Құқықтық актілер туралы» заңға түзетулер көзделген.

Заңды іске асыру үшін Үкіметтің заң шығару жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізілетін болады. Олардың ережелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы өзгерістерге сәйкес, заң шығару процесінде оның мерзімдері мен кезеңдері қысқартылады. Нақтырақ айтқанда, 175 күннен 95 күнге дейін, яғни, 51 кезеңнен 22 кезеңге дейін қысқарады, – делінген жауапта. 

Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Үкімет бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының жоспарын бекітеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама