Абай облысында екі оқушы суицид жасады

Халық үні

Қайғылы жағдай Жарма ауданында болған

Фото: ашық дереккөз

Абай облысында екі оқушы суицид жасады. Жасөспірімдердің бірі аман қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға Жарма ауданында болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жарма ауданы полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Abainewskz хабарлауынша, қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында болған.

9-сынып оқушылары жоғары сынып оқушылары тарапынан жасалған буллинг салдарынан суицид жасаған. Олардың бірін ілмектен алып үлгерген, ал 15 жастағы оқушы қайтыс болды.