Олардың 18,1 миллионы - ерлер, ал 17,9 мыңы - әйелдер
Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің алдын ала мәліметі бойынша, 9 желтоқсандағы жағдай бойынша осы елдің тұрақты тұрғындардың саны 36 миллионнан асқан.
Олардың 18,1 миллионы – ерлер, ал 17,9 мыңы – әйелдер.
Өзбекстан халқының 35 миллионнан 36 миллионға дейін өсуіне 1 жылдан сәл астам уақыт қажет болды. 2021 жылдың қыркүйегінде ондағы халық саны 35 миллионға жеткен болатын.
Жыл басынан бері елдегі халық саны орта есеппен ай сайын 61 100 адамға көбейген.
1 қазандағы жағдай бойынша Наманган қаласы республиканың аудандары мен қалалары арасында тұрақты тұрғындарының ең көп саны бойынша көш бастап тұр. Наманганда 673 800 адам болған.
Тұрақты халқының саны бойынша Өзбекстан Республикасы ТМД-да 3-орында болса, туу көрсеткіші бойынша 1-орында тұр.