Бұған дейін қылмыстық топтың 5 мүшесі ұсталған болатын
Бұрын хабарланғандай, Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты. Сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Елдос Қоспаев, сондай-ақ оның сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеу жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасы – қамауға алуды санкциялады.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар Айдос Қоспаев, Оксана Кудряшева және Алексей Кузнецов анықталды. Олар да іздестіріліп жатыр.
Агенттік азаматтардан іздеудегі адамдардың мекенжайын білген жағдайда сенім телефонына хабарласуды сұрайды. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.