Екі облыста 35 градусқа дейін аяз болады

Дастан Жұмабекұлы

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауып, тұман түседі

фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде аяз болады.

«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар жауып, тұман түседі. Оңтүстікте көктайғақ болады, – деп мәлімдеді синоптиктер.

6 желтоқсанда түнде Қарағандыда, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында -35 градусқа дейін аяз болады.