Украина президенті елін азат етуге уәде берді
1300-ден аса украиндық әскери қызметкер еліне оралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Украина президенті Владимир Зеленский елде соғыс басталғалы бері 1300-ден астам украин әскери қызметкері ресейлік тұтқыннан босатылғанын айтты.
Біз қалғандарын қайтарамыз. Бүкіл Украина азат етіледі. Барлық украиндықтар өз үйінде болады, - деді ол өзінің Телеграм арнасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украинаға 1,2 млрд долларға NASAMS әуе қорғанысы жүйесін беретінін хабарлаған болатынбыз. Ал Ресей болса Украинадағы соғыс қылмыстарын мойындаудан бас тартқан.