Бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мерзімді қызмет сарбазын іздеу туралы ақпарат жариялады.
ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 2022 жылғы 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішевті іздеп жатыр, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды.
«Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.
Ұ.Бердішевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлау жайлы өтініш жарияланды.
Бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.