Halyq Uni логотип
×

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облысында жоғалған сарбаз туралы ақпарат жариялады

Бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 06.03.2022 | 10:30
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облысында жоғалған сарбаз туралы ақпарат жариялады
фото: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мерзімді қызмет сарбазын іздеу туралы ақпарат жариялады.

ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті  2022 жылғы 2 наурызда жоғалып кеткен «Андас батыр» шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішевті іздеп жатыр, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Іздеуге Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мен Полиция департаментінің күштері қатыстырылды.

«Осы факт бойынша тергеу іс-қимылдары мен қызметтік тергеп-тексеру жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.

Ұ.Бердішевке қатысты қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығына мына телефон номерлері арқылы – 110 (ҰҚК сенім телефоны), 87172719458 (Шекара қызметінің сенім телефоны) хабарлау жайлы өтініш жарияланды.

Бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаздың із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама