×

Тараздық келіншек азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген

Үйінде жанжал болып, екеуі бір-біріне пышақ ала жүгірген

 Халық үні 30.11.2022 | 21:10
©Pixabay

Тараз тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтіргені үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

«ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігімен кінәсі толық дәлелденді. Осы баптың негізінде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасы қауіпсіздігі орташа колнияда өтелсін», – дейді судья Айдарбек Замбаев.

Сотталушы сот үкімімен келіскен жоқ. Ол 47 жастағы азаматтық некедегі күйеуін өзін қорғау мақсатында байқаусызда өлтіріп алдым деп ақталды. «Әйтпесе өзімді жазым қылуым мүмкін еді» деп түсіндіріп, жазаны жеңілдетуді өтінді. Прокурор айыпталушыны 11 жылға түрмеге жабуды сұраған. Алайда судья 8 жылға жаза кесті.

Еске салсақ, қайғылы жағдай осыдан алты ай бұрын болған. Бүйрек тұсына пышақ сұғылған 47 жастағы ер адам аурханаға түсіп, сол жерде жан тапсырған. Артынша күдікті ретінде азаматтық некедегі әйелі қамауға алынды. Үйінде жанжал болып, екеуі бір-біріне пышақ ала жүгірген екен. Сотталушының 15 және 18 жастағы екі баласы бар. Енді балалары шешесінің жазасын жеңілдету үшін апелляциялық шағым түсіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама