Алматы-2 вокзалынан өрт шықты

Динара Амантай

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы-2 вокзалының ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалы ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері – жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 14:30-да оқшауланып, сағат 14:50-де толық сөндірілді.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Пойыздардың кешігуі болған жоқ.