×

Биыл 15 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алған

Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 59,6%

 Еркеғали Болатұлы 28.11.2022 | 10:40
фото: Андрей Халин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ отанға оралып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеді.

Қазақстанға жыл басынан бері келген қандастардың басым бөлігі (65,2%) Өзбекстаннан оралған. Өзге 9,2%-ы Қытайдан, 8,8%-ы Ресейден, 8%-ы Түрікменстаннан, 4,8%-ы Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%), Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

«2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ға, еңбекке қабілетті жастан кішілер 26,7%-ға және зейнеткерлер 13,7%-ға тең. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама