Ақтөбеде кәмелетке толмаған 2 бала талтүсте дүкен тонаған

Еркеғали Болатұлы

Сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әмиян алып кеткен

фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 24 қарашада сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әмиян алып кеткен.

Кейін күдіктілердің фотороботы жасалып, екеуі де ұсталды. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдер екен.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі («Қарақшылық») бойынша соталды тергеу басталды.