Павлодарда жоғалған тағы бір қыз табылмай жатыр

Дастан Жұмабекұлы

Іздеу жұмыстары төрт күннен бері жалғасуда

фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жоғалған қыз төрт күннен бері табылмай жатыр. Қалалық «Vita» іздеушілер жасағының мәліметіне қарағанда, 18 қарашада 17 жастағы Гауһар Әбдірахманова Олжабай батыр (бұрынғы Мир) көшесіндегі үйінен шығып, жоғалып кеткен.

Бойжеткен ұзын қара күрте, сұр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген. Қолында күміс түстес жылтыр сөмке болған. Бойы шамамен 165 сантиметр.

Жоғалған қыз туралы +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 телефондарына хабарласуға болады. Бұған дейін де Павлодарда Яна Артаманова атты 17 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Яна Артаманова туралы да мәлімет болса, жоғарыда көрсетілген телефон номерлеріне хабарласу керек.