×

Азамат Батырбаевты азаптаған полицей қамауға алынды

Батырбаев Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатты деген күдікпен ұсталған еді

 Айнұр Шошаева 02.03.2022 | 14:30
коллаж: Halyq Uni

Талдықорғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатты деген күдікпен ұсталған Азамат Батырбаевты азаптаған тәртіп сақшысы қамалды. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Бауыржан Азанов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өкінішке қарай, Батырбаевты азаптауға қатысты күдіктілердің іс бойынша маған мәлім нәрсенің бәрін айта алмаймын. Қылмыстық іс мүддесі үшін жарияламаймын. …Мен Азамат Батырбаевтың сенімді тұлғасы ретінде оның мүддесінің толық қорғалуы және толық көлемде жүзеге асырылуы үшін әрекет етемін. Батырбаевты азаптаған күдікті әйтеуір қамауға алынды әрі ол үшін қыруар жұмыс істелді деп сендіре аламын, - деді Азанов әлеуметтік желіде. 

Сондай-ақ ол елде азаптау туралы істер сотқа сирек жетіп, айыптау үкімімен аяқталатынын айтты. 

«Біз прецедентке қол жеткіздік. Білмейтіндер үшін айтайын, азаптау бойынша қылмыстық істердің 100%-нан тек азы ғана сотқа жетеді. Істің тек 2%-ы ғана айтылады. Ал мен сотқа дейін полиция қызметкерлерінің қамауға алынғанын естіген жоқпын», - деп қосты адвокат. 

Атап өтсек, 5 қаңтар күні Талдықорғандағы митинг кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші бұзылды. Азамат Батырбаев ескерткішті бұзған 16 адамның қатарында болған. Қамауға алынған соң Батырбаевты сақшылар азаптап, денесін үтікпен күйдірген. Ақпан айының ортасында Батырбаев өзін азаптағандарды таныған соң қылмыстық іс қозғалған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама