Halyq Uni логотип
×

Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер кілті табысталды

Марқұмның артында 5 баласы мен жары қалды

 Динара Амантай 15.11.2022 | 09:35
Ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына пәтер кілті табысталды
Фото: Halyq Uni

Абай облысында қызметін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасы жаңа қонысқа ие болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетсек, Семейде «Азия Фирма» ЖШС-нің бас директоры Сәуле Досқожанова қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына 3 бөлмелі пәтер берілетінін қыркүйек айында хабарлаған болатын.

Араға 2 ай салып, 12 қараша күні «Фирма Азия» ЖШС-нің өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың зайыбы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.

Еске сала кетсек, 7 қыркүйекте Абай облысының Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында 5 баласы мен жары қалды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Айдос Тоғызбаевтың отбасына президенттің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама