Уақытша шектеу бірқатар өңірде енгізілді
Елімізде ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк әрі ірі габаритті көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау әрі Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
«Сондай-ақ 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Бұған дейін биылғы қыста 500-ге жуық рет көлік қозғалысы шектелгені белгілі болды.