×

Биылғы қыста 500-ге жуық рет көлік қозғалысы шектелді

Көктайғақ жолдарға 20 мың тонна тұз, 57 мың текше метр құм, 500 тонна химиялық реагент себілді

 Қымбат Елтайқызы 01.03.2022 | 13:30
фото: ашық дереккөзден

Күнтізбе бойынша көктем келгенімен, еліміздің басым бөлігінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Республикалық жолдарда биылғы қыста ауа-райына, яғни боран, тұман, жолдарда көріністің нашарлауына байланысты 467 рет көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Жолдарды күтіп ұстауға 1090 арнайы техника жұмылдырылды.

«Сонымен қатар осы мезгілде 78 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқан, 4802 уақытша жол белгісі орнатылды. 8 мыңнан аса шақырымда қар үйінділері, 114 мың шақырым қар траншеялары жасалды. Көктайғақ жолдарға 20 мың тонна тұз, 57 мың текше метр құм, 500 тонна химиялық реагент себілді», – делінген ақпаратта.  

Сондай-ақ қыс басталғалы қиындыққа тап болған 400-ден астам көлікке көмек көрсетілді. 168 техника жылы бокстарға, 1 мыңнан аса адам «Қазақавтожол» мекемесінің жылыту тіректеріне жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43