×

Курчатовта базар аумағында жарылыс болды

Салдарынан 1 адам зардап шекті

 Динара Амантай 12.11.2022 | 15:14
Фото: Абай облысы ПД-ның баспасөз қызметі

Абай облысы Курчатов қаласында базар аумағындағы кафеде газ-ауа қоспасының тұтандырғышы атылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 қараша күні сағат 09.35-те Курчатов қаласының полиция бөлімінің 102 жедел арнасына «Жайлаубай» шағын базарының ғимаратында газ-ауа қоспасының тұтандырғышы атылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Курчатов қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметі бойынша бұл оқиғаның негізгі себебі газ-ауа қоспасының тұтандырғышы болып табылады. Қазір тергеу жүргізілуде.

Жарылыс салдарынан «Жайлаубай» базарының ғимараты бұзылып, Абай көшесі, 31 мекенжайындағы тұрғын үйдің бірнеше терезесі зақымданған.

Сондай-ақ оқиға салдарынан көшеде тұрған ер адам жарақаттанды, қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама