×

Жетісуда браконьерлерден киіктің мыңға жуық мүйізі тәркіленді

Олар дериваттарды жақын шетелге сатпақ болған

 Динара Амантай 11.11.2022 | 09:44
Фото: gov.kz

Жетісу облысында браконьерлікпен айналысқан 5 ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірлесіп, «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады.

Олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 келіден асатын 983 киік мүйізі табылды. Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деп күдіктенеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында полицейлердің мыңға жуық киік мүйізін тәркілегені туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама