×

Шымкенттегі дүрбелең: Дүкен иесі кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ол акция жайлы құзырлы органды алдын ала хабардар етпеген

 Халық үні 06.11.2022 | 21:51

Арнайы акция аясында арзан бағада спорттық киімдер сатып, дүрбелеңге жол берген дүкен қожайыны шымкенттіктерден кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол акция жайлы Instagram арқылы хабарландыру жасағандықтан дүкенге өте көп адам жиналып, белгілі бір мәселе туындағандықтан учаскелік полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болғанын айтады.

Акция жайлы құзырлы органды алдын ала хабардар етпегендіктен, осындай жағдай орын алды. Сол үшін өздеріңізден кешірім сұраймын. Алда тағы осындай акция ұйымдастыратын болып жатсам, онда бұл туралы құзырлы органды алдын ала құлағдар ететін боламын, - деді дүкен иесі.

Алдында Шымкент қаласы полиция департаменті арзан бағада спорттық киімдер сатып, акция салдарынан дүрбелең орын алғаны үшін дүкен қожайынына айыппұл салынатынын жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама