Ол заңсыз әрекетін 3 жыл бойы жүргізген
Шымкентте балабақша меңгерушісі балалардың сабаққа қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заңсыз әрекет 2019 жылдан 2021 жылға дейін 3 жыл бойы жүргізілген. Ол «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген 19,3 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған.
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті 3 балабақша меңгерушісі болып қызмет еткен әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Мемлекетке келтірілген 19,3 млн теңге залал толығымен өтелді.