Сеул қаласының мэрі Хэллоуиндегі қайғылы оқиға үшін кешірім сұрады

Дастан Жұмабекұлы

29 қазан күні отандасымыз Мәдина Шерниязова да қаза тапты

фото: ura.news

Сеул қаласының мэрі О Се Хун Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты кешірім сұрады. Ол жергілікті телеарнада көзіне жаса алып, 156 адамның өмірін қиған оқиғаның енді қайталанбауы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын айтты.

Мен Сэуіл қаласының мэрі ретінде азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауаптымын.  Осы қайғалы оқиға үшін шексіз жауапкершілікті сезінемін және барлық қайтыс болған азаматтардың отбасыларынан кешірім сұраймын, – деді ол қалалық кеңседе өткен баспасөз мәслихатында.

Оңтүстік Кореяда 29 қазан күні Хэллоуин кезінде отандасымыз Мәдина Шерниязова да қаза тапқан еді. Онымен бірге тағы 25 шетел азаматы көз жұмды. Мәдинаның денесі 3 қарашада Алматыға жеткізіледі.

Бұл туралы Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі хабарлады.

Табытты сақтауға, тасымалдауға кеткен барлық шығынды Корея үкіметі өтейді. Туыстарының өтініші бойынша Мәдинаның жеке заттары да Қазақстанға жеткізіледі, –  делінген хабарламада.

«Хабар 24» арнасының мәліметіне қарағанда, қайтыс болған магистранттың достары оның отбасына көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кореяда тұратын отандастарымыз 11 млн воннан астам қаражат жинап берді. Бұл шамамен 8 мың доллар. Қаржы жерлеуді ұйымдастыруға жұмсалады.