Астанада «полицей» жезөкшелерден ақша бопсалаған (ВИДЕО)

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: polisia.kz

Астанада ақша бопсалаумен айналысқан жалған полицей ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер арнайы операция барысында ақша бопсалады деген күдікпен 23 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, интимдік қызмет көрсететін қыздардан ақша талап еткен. Күдікті қыздардың пәтеріне барып, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытқан.

Полицейлер жігітті қалалық пәтерлердің бірінде жәбірленушіден 20 мың теңге алып жатқан кезде ұстады. Жеке тінту кезінде одан полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.