×

Министр оқушылар планшетті қандай мақсатта пайдаланатынын айтты

Құралды пайдалану-пайдаланбауды оқушы өзі шешеді

 Дәурен Ерболат 01.11.2022 | 13:06
Фото: ТАСС

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқушылар планшетті қосымша құрал ретінде пайдаланатынын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Планшетті және басқа да құрылғыларды бала қолданбаймын десе, оны ешкім мәжбүрлемейді. Бұл – тек мүмкіндік. Планшетті пайдалану деген ертең мұғалім мектепке барып, сабақ бермей, сабақ басқаша өтеді дегенді білдірмейді. Сондықтан мұғалім кәдімгідей сабағын өткізеді. Бірақ планшет тек қосымша құрылғы болады. Оны пайдалану мүмкіндіктің кеңейгенін білдіреді, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Еске сала кетсек, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин оқушылардың ауыр рюкзак ұстамауы үшін оларға планшет беруді ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама