×

Қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны артып жатыр – Аймағамбетов

Енді cапалы контент пен кітаптар шығарылуы керек

 Дәурен Ерболат 01.11.2022 | 12:57
Фото: egemen.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда оқушылардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде білім алып жатқанын айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір қазақ тілінде оқитын балалардың саны артып жатыр. Мысалы, биыл біз 1-сыныпқа балаларды мектепке қабылдағанда тиісті мәліметті бердік. Осы жылы олардың 70%-ға жуығы қазақ тілін таңдады. Ата-аналар балаларын қазақша білім беретін мектептерге жіберді. Жалпы бүгін барлық білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік тілде оқитын балалардың саны 70%-ға жақындап қалды.  Негізі бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп жатыр. Әсіресе, балабақша деңгейі бойынша бұл үрдісті жақсы көруге болады, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Оның пікірінше, енді қазақ тілінде сапалы контентті қалыптастырып, кітаптар шығару керек.

«Бұл жұмысты жалғастырамыз. Ол үшін біз міндетті түрде тиісті сапа мен контентті қамтамасыз етуіміз керек. Әсіресе, қазақ тіліндегі кітаптардың болуына назар аударамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама