×

Ресейден тағы бір алпауыт автоконцерн кетті

Америкалық компания «Sollers Ford» бірлескен кәсіпорнындағы 49 пайыздық үлесін сатты

 Дастан Жұмабекұлы 31.10.2022 | 16:21
фото: motor.ru

АҚШ-тың «Ford Motor» компаниясы Ресейдің нарығынан кетті.

Компания таратқан ресми ақпаратқа қарағанда, автоөндіруші ресейлік «Sollers» автомобиль тобымен бірлескен кәсіпорыннан шыққан.

«Ford Motor» компаниясы Ресейдегі бұрын тоқтатылған қызметінен шығуын «Sollers Ford» бірлескен кәсіпорнындағы 49 пайыздық үлесін сату арқылы аяқтады, –  делінген хабарламада.

Сонымен бірге компания «Ford» акцияларының номиналды құны бойынша берілетінін мәлімдеп, әлемдегі жағдай өзгерсе, «Ford» 5 жылға дейін өз акцияларын сатып алу мүмкіндігін сақтайды деп хабарлады.

«Sollers Ford» бірлескен кәсіпорны 2011 жылы құрылған. Ол Ленинград облысы мен Татарстандағы зауыттарда «Ford» автомобильдерінің бірнеше үлгісін, сондай-ақ «Ford Transit» коммерциялық жүк көліктерін шығарды. 2019 жылдан бастап «Ford» Ресейде жеңіл автомобильдер шығарудан бас тартып, тек «Ford Transit» өндірісін қалдырды. Украинада соғыс басталысымен зауыттың жұмысы тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама