Парамен ұсталған Қаржы вице-министрі мерзімінен бұрын босап шықты

Еркеғали Болатұлы

Сот оған 66 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды

фото: ашық дереккөз

4 жылға сотталған бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев 2,5 айдан кейін бостандыққа шығып отыр.

Ол Қаржы министрлігінің жобаларын цифрландыруды қарастыратын тендерде «Әл-Фараби Partners» ЖШС жеңіске жеткені үшін Байбосынов пен Бұхарбайдан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталған еді. Алайда 81 күннен кейін сот бұл жазаны өзгертіп, шенеунікке 66 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Бұл шешімді Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қабылдаған.