×

Ұлттық аза тұту күні: Сеулде қаза тапқандардың арасынан бір Қазақстан азаматы анықталды

Қаза тапқандардың жалпы саны 151 адамға жетіп отыр

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 13:12
фото: ашық дереккөз

Оңтүстік Корея Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы – 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста. Құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетсек, кеше Сеулдің Итэвон ауданында тойланған Хэллоуин мерекесінде адамдар тар көшеде бірін-бірі таптап тастаған болатын. Соған байланысты, ел президенті Юн Сок Ёль бүгін Ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Біз бұл оқиғаның себебін жан-жақты тексеріп, енді оның екінші қайталанбауы үшін жүйелі өзгерістер енгіземіз, - деді президент.

Қазір қаза тапқандардың жалпы саны 151 адамға жетіп отыр. Оның 19-ы – шетелдік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама