Halyq Uni логотип
×

Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

Ол туралы Дидар Қами жазды

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 11:17
Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр
фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын Дидар Қами өзінің Instagram-дағы парақшасына белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түсіп қалғанын жазды.

Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен, - деп жазды Дидар Қами.

Жалпы, ауырып жатқан Жүрсін Ерман – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесустың құдасы. Нақты айтқанда, Тедрос Гебрейесус даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановпен құда. Ал Дәулет Тұрлыханов – Жүрсін Ерманның күйеу баласы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама