Сот-медициналық сараптама тағайындалды
Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңында ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, 28 қазан күні сағат 20:21-де Ақтау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне 6-шағын ауданда №24 үйдің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.
Мәйітті сот-медициналық сарапшының қатысуымен қарау кезінде дене жарақаттары табылмады.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде өзен жағасынан қинап өлтірілген 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.