Halyq Uni логотип
×

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңында ер адамның мәйіті табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

 Динара Амантай 29.10.2022 | 17:45
Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңында ер адамның мәйіті табылды
Фото: Halyq Uni

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңында ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 28 қазан күні сағат 20:21-де Ақтау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне 6-шағын ауданда №24 үйдің маңында зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.

Мәйітті сот-медициналық сарапшының қатысуымен қарау кезінде дене жарақаттары табылмады.

Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде өзен жағасынан қинап өлтірілген 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама