×

Қызылордада мас жүргізуші полицейді басып кете жаздады (ВИДЕО)

Полиция қызметкері өзін таныстырып жатқанда көлік жүргізушісі газды басқан

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 15:18
фото: видеодан скриншот

Қызылорда қаласында ұсталған жерінен қашып кеткен мас жүргізуші полицейді басып кете жаздады. Тәртіп бұзушы келесі көшеде ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиғаның видеосы қызметтік көліктегі бейнебақылау жүйесіне жазылып қалған.

Ресми мәліметке сәйкес, рейд кезінде түнгі сағат 00:45-те Қазақстан көшесінің бойында Mercedes benz көлігі тоқтатылған. Полиция қызметкері өзін таныстырып жатқанда көлік жүргізушісі газды басып, ұсталған жерінен қашып кеткен.

Алайда тәртіп сақшылары оны Торайғыров көшесінің бойынан ұстады. Наркологиялық сараптамаға сәйкес, ер адам орта дәрежеде масаң халде болған. Бірақ ол үшін ғана емес, полициядан қашқаны үшін де жазаға тартыды.

Еске сала кетсек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына бағынбағаны үшін 40 АЕК (127 200 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 3 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы бар.

Қазір автокөлік айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама