Күдікті 28 келіден аса бұйымды ел аумағына әкелмек болған
Елорданың халықаралық әуежайында Ыстамбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымды әкелмек болған азамат ұсталды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді. Олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген.
Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған зергерлік бұйымдардың жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.