Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейту мемлекеттің міндеті болып табылатынын айтты. Бұл туралы ол мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан халқын ұйыстыратын тағы бір символ – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі мәңгілік мемлекеттік тіл тұғырында болады. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыра беру – мемлекеттің міндеті. Бұл жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жақында мен «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілдер – тірлік үшін» деп айттым. Жастарымыз көп тіл білген сайын бәсекеге қабілетті, білікті маман болады. Тіл, ұлтаралық қатынас – ішкі тұрақтылыққа ықпал ететін өзара тығыз әрі маңызды факторлар. Сондықтан мұндай маңызды мәселелерден саяси құрал жасауға болмайды. Осындай қоғамдық тұрғыдан сезімтал мәселелерді саясиландырудың кесірінен кейбір елдер қасіретті жағдайға ұшырады. Бұл – біздің жол емес, – деді Президент.
Еске сала кетсек, бұған дейін кездесуде президент елімізге мемлекеттік тәуелсіздік кездейсоқ келмегенін, оған жетудің жолы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан басталғанын айтқан болатын.