Halyq Uni логотип
×

Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды

Бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады

 Динара Амантай 21.10.2022 | 15:25
Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды
Фото: gov.kz

Атырау қаласында Республика күніне орай қоғамдық көліктер тегін қатынайды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың мәліметінше, мерекеге орай қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көліктер тегін қатынайды.

Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада Республика күніне орай 23-25 қазан аралығында, яғни жексенбіден сейсенбіге дейін қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсететіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама