×

Астанада демалыста көлік қоятын орындар тегін болады

Ақылы автотұрақта әр сағатына 100 теңгеден алынады

 Дәурен Ерболат 21.10.2022 | 09:05
Фото: vechastana.kz

Елордада 3 күн бойы автотұрақтарға ақы төлеудің керегі жоқ деп хабарлады «Астана тұрақ кеңістігінің» ресми сайты.

Республика күніне орай 23-25 қазан аралығында, яғни жексенбіден сейсенбіге дейін қаладағы автотұрақтар тегін қызмет көрсетеді.

Алайда 22 қазанда ақылы автотұраққа көлік қоюшылардан әр сағатына 100 теңгеден алынады.

Айта кетейік, қаладағы ақылы автотұрақтар дүйсенбі-жұма аралығында таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді, ал сенбі-жексенбі күндері оларды пайдалану тегін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама