Қазақстанда жалпы саны 2 мыңнан аса судья бар
Жоғарғы cот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов әлеуметтік желіде жарияланған Алматы облысы прокуратурасының хатына түсініктеме берді.
«Жоғарғы соттың 7 өкілінің ойын мекемелеріне барғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз Алматы облысының прокуратурасына хабарласып, осы қатені түзетуді сұрадық. Жоғарғы соттың судьялары да, Жоғарғы сот аппаратының қызметкерлері де бұл тізімде жоқ», - деп жазды Елдос Жұмақсанов.
Басшы орынбасары атап өткендей, бұл арада өңірдегі үш судья мен төрт мемлекеттік қызметкер туралы сөз болып отыр. Олардың бірі 2020 жылы теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылған. Сот алқасы екінші бір судьяны да басқа себептермен қызметтен босатуды ұсынды. Үшінші судья 2021 жылы Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша Алматы қалалық сотынан жүктемесі төмен ауылдық жерлердегі сотқа ауыстырылды.
Қазақстандағы сот жүйесінде 2 286 судья мен 6 015 мемлекеттік қызмет жұмыс істейді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкердің құмар ойынға 507 млн теңге жұмсағанын хабарлаған еді: