×

Алматыда жүрген ресейліктерді бақылауда ұстап отырмыз – қала әкімі

Қазақстанда Ресей азаматтары 90 күннен кейін тіркелуден өтуі керек

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 15:46
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалаға келіп-кетіп жатқан Ресей азаматтарын көші-қон қызметі бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Бұл туралы ол Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде ескертті. Ол көші-қон полициясы Алматыға Ресей келіп-кетіп жатқан адамдардың нақты есебін жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бізге келген ресейліктер 90 күн визасыз жүре алады. Бірақ, келгеннен кейін үш күн өткен соң тіркелулері керек. Бұл – қажетті норма. Ал, пәтерді жалға берушілер қажетті хабарлама жіберулері керек. Жалпы, қаладағы әр пәтер біздің бақылауымызда. Бір тәулікке жалға берілетін пәтерлерде жағдай сәл қиындау. Біздің азаматтар қағаздарға қол қоя отырып, келісімге келе бермейді. Бірақ, келгендердің барлығы есепте, –  деді қала әкімі.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов БАҚ өкілдеріне елімізге Ресейден 200 мыңнан астам адамның келгенін, ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті 300 мыңға жуық ресейліктің Қазақстанға табан тірегенін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама