Мемлекет басшысы белгілі журналистің еңбегін бағалады
Мемлекет басшысы Жетісу жұртшылығымен кездесу барысында сол жерден шыққан азаматтардың еңбегін ерекше бағалады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосты. Соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбекті баршаңыз жақсы білесіздер. Оның әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бейсен Құранбек Жетісу телеарнасында біраз жыл табысты қызмет атқарды. Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті. Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан бастаманы қолдау қажет деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Жетісу жұртшылығымен кездесуде өңірдегі ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылатынын айтқан болатын.